Created: 24 Қантар 2020
110

«Жасөспірімдерді адалдық пен табандылыққа тәрбиелеу» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті

Адамның бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту арқылы парасаттылыққа тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында студенттерге, колледж психологы Сәндібаева Бақтыгүл Өмірзаққызының ұйымдастыруымен «Жасөспірімдерді адалдық пен табандылыққа тәрбиелеу» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Аталмыш шараға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Сағытжанов Самат Саламатұлы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қорының теолог маманы Шүкіріддін Темірқұлұлы, Атырау облысы дін істер басқармасының ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Бақтығалиев Аян Оңайұлы қатынасып студент жастарға тәрбиелік мәні бар мағлұматтар беріп, жастарға еліне адал қызмет етуге деген ынталы ойларымен бөлісті.