Created: 05 Ақпан 2020
57

Бала тәрбиесіне байыпты қарайық

2020 жылдың 31 қаңтарында «Бала тәрбиесіне байыпты қарайық» тақырыбында колледжіміздің І-ІІ курс студенттерінің ата-аналарының жалпы жиналысы болып өтті.

Жиналыс барысында 2019-2020 оқу жылының І жарты жылдығы бойыншы оқу-тәрбие жұмысының есебі, суйцидтің алдын - алу мақсатында Жаңа бағдарлама бойынша психолог мәліметтері беріліп, сонымен қатар Атырау облысы Дін істері басқармасының, Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының, Атырау қаласы Ішкі Істер басқармасының, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жауапты мамандарымен кездесіп, бала тәрбиесіне қатысты, бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау мақсатында қазіргі кездегі өзекті мәселелерге қатысты ақпараттар мен кеңестер беріліп, Мемлекетіміз жоғарыда аталып өткен адамның өсіп жетілуі үшін ең маңызды рөлді атқаратын факторларды әсте қолға алуда. Әйтсе де әрбір ата-ананың да өз кезегінде бала тәрбиесіне ат салысуы, қарап жатпауы маңызды мәселе екені айтылды.

 

.