Created: 18 Ақпан 2020
390

«Ағалардың ерлік жолы болашаққа өнеге»

Колледжімізде Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 31 жыл толуына орай «Ағалардың ерлік жолы болашаққа өнеге» тақырыбындағы мерекелік шара болып өтті.

 

Халқымыздың тарихында ерекше атаулы күндер бар. Олар зор мәнге ие. Қастерлі, мәңгілік ұмытылмас күндер ол кешегі Ұлы Отан соғысы. Қазақстандық Ішкі әскердің жауынгерлері айбынды ерліктің не екенін нақты дәлелдеген күн, Ауған және Тәжік-Ауған жауынгерлерінің қайтпас қайсарлық, беріспес батылдықтың ерен үлгісін көрсеткен күн.. Ол күнді, жауынгерлерді ұмытпау, олардын ерліктерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу біздің басты мақсатымыз. Биыл 9 мамырда Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толады. Cұрапыл соғыс жылдары Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі туралы орасан зор. Соғыс жылдары кеңес әскері қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды. Оның 601 мыңы туған жерге оралған жоқ. Қазақстаннан барған әскерлер майдан даласында ерлікпен шайқасты. 100 000-нан астам отандасымыз жауынгерлік ерліктері үшін медаль-ордендермен марапатталды.