НИТАЛИЕВ  ЖАНБЕК  ҚОРҒАНБАЙҰЛЫ

 техника ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылында қызметкер отбасында 1969 жылдың 18 қаңтарында дүниеге келді.

1976 – 1986 жылдары Махамбет орта мектебінде білім алды.

1986-1987 жылдары Гурьев қаласындағы №1 кәсіптік–техникалық училищесінде «үздік» оқып, «4 – разрядты бұрғышы көмекшісі» мамандығын алды.

1987 - 1989 жылдары Советтік Армия қатарында болды.

1989-1994 жылдары Қазақ Ұлттық техникалық университетінің «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау» мамандығының «Таукен -инженері» бліктілігін «үздік»  дипломмен бітірді.

Еңбек жолын 1994 - 2006 жылдар аралығында Атырау мұнай және газ институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, декан орынбасары қызметтерін атқарды. Осы қызметтерді қатар атқара жүріп, 2003 жылы Атырау мұнай және газ институтының «Мұнай-газ ісі» бағыты бойынша техника және технология «магистр» біліктілігі мен академиялық дәрежесін алды.

2005 жылы 25.00.15 – «Бұрғылау технологиясы және ұңғыны игеру» мамандығы бойынша «техника ғылымдарының кандидаты» дәрежесін қорғады.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен «Машина жасау және машинатану» мамандығы бойынша «доцент» атағы берілді.

2006 - 2011 жылдар аралығында институт жанындағы мұнай-газ, мұнай-химия және машина жасау өндірістері мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау орталығының директоры.

2011-2018 жылдары МКҚК «Маңғыстау политехникалық колледжінің» директоры қызметің атқарды.

2018 жылдан бастап МКҚК «Атырау көлік және коммуникация колледжінің» директоры болып тағайындалды.

Осы аталған еңбек жолында Қазақстан Республикасындағы 4-өнертапқыштың 40 - тан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы. Ғылыми –зерттеу жұмыстары бірнеше өндірістік кенорындарында атап айтсақ: «Доссормұнай» (2001ж.), «Жайықмұнай» (2003ж.), ЖШС «СБП ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» (2004ж.), ЖШС «АдайПетролеум» (2005ж.) енгізілді.

Ресей, Белорусия, Өзбекстан, Әзербайжан Республикаларында Халықаралық ғылыми-техникалық конференцияларға қатысып, ғылыми баяндамалар жасады.

Басшылық қызметті атқара жүріп, өз білімін жетілдіруді ұштастырып отырды. Республикалық және Халықаралық деңгейде көптеген мемлекетте (Сингапур, Германия, Швецария, Франция, Беларуссия, Ресей Федерациясы) біліктілігін арттыру курстарына қатысып, өз білімін жетілдірді.

Жоғарыдағы аталған еңбектер нәтижесінде Атырау мұнай және газ институтының құрылғанына 25 және 30 жыл толуына орай «ЖОО дамуына қосқан ерен еңбегі үшін» мерейтой медалі, Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты (2005ж., 2010ж.), Маңыстау облысы білім басқарамасының Құрмет грамоталары, Маңғыстау облысының «Нұр Отан» ХДП Құрмет грамоталары (2011ж., 2013ж.), «Нұр Отан» ХДП бірінші орынбасары Н.Нығматулиннің Алғыс хаты (2011ж.), «Нұр Отан» ХДП төрағасы Н.Ә Назарбаевтың Алғыс хаты (2012ж.), «Маңғыстау мұнайына 50-жыл» мерейтойлық медалі (2011ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет гармотасы (2011ж.), «Сафи Өтебаев» атындағы грант иегері (2013ж.), «Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (2014ж.), «Қазақстан патриоты» медалі (2016ж.), Техникалық және кәсіптік білім берудің 75 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беруін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (2015ж.), «Кәсіби шеберлігі үшін» медалі (2016ж.), Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Тәуелсіздікке қосқан үлеі үшін» медалі (2017ж.), «Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы қызметі үшін» медалі (2017ж.), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2013ж. 2017ж) марапаттарына ие болды.

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі. Отбасылы. 3 бала тәрбиелеп отырған әке.