Created: 12 Қараша 2020
137

«Автокөлік жөндеуші слесарь» мамандығының студенті Айладыр Нұрдәулетке ноутбук сыйға тартып демеушілік көрсетті

10.11.2020 ж Әлеуметтік серіктесіміз «Atyrau – Avtopark» ЖШС – директоры, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мұхашев Ниязбек Бөлекбайұлы бастаған ұжым 2020 – 2021 оқу жылында қабылданған І курс «Автокөлік жөндеуші слесарь» мамандығының студенті Айладыр Нұрдәулетке ноутбук сыйға тартып демеушілік көрсетті.
 
Ел болашағы жауапты жастардың өмір тіршілігінің жарқын болуы мен білім алуы жолында аянбай көмек етіп, игі істеріңіз арқылы жақсылық жасай біліп, демеушілік танытқандары үшін серіктесімізге «Atyrau – Avtopark» ЖШС ұжымына колледж директоры т.ғ.к, доцент Ниталиев Жанбек Қорғанбайұлы алғысын білдіріп, еңбек жолдарына толағай табыс пен отбасыларына береке – бірлік тіледі.