Created: 19 Сәуiр 2021
127

9-11 сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін»

Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды істердің бірі. Колледждің кәсіби бағдар беру жоспарына сай инженер - педагог қызметкерлер Атырау қаласы мектептерінің 9 және 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүгргізуде. Кәсіби бағдар мақсаты оқушылардың кәсіби бағыттылығын анықтау, өзін мамандықтар әлемінде таба білу, өзінің қоғамға қажетті адам екеннін сезінуіне жағдай жасау. Мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту болып табылады. Кәсіби бағдар барысында мектеп бітіретін 9-11 сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойларына жауаптар беріліп, ойларымен бөлісті.