Created: 19 Сәуiр 2021
40

«Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында жарияланған тапсырмасына сәйкес «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының құрамына кіреді.
 
Аталған жобаның негізгі мақсаты – сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік 100 мамандық бойынша 180 кол¬ледж бен 20 ЖОО-ын жаңғыртуды және білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу. Атырау көлік және коммуникация колледжі «Жас маман» жобасына қатынасып, жоба аясында Әлеуметтік серіктес мекемелер, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Атырау облысы филиалы мамандармен және колледждің өндірістік, оқыту шеберлері, арнайы пән оқытушыларымен өндірістік және методикалық кеңесте талқыланып, нарық сұранысы зерделеніп, қажетті құрал-жабдықтар тізбесін қалыптастырып, колледж жеті «Арнаулы пән» кабинеті мен алты «Өндірістік оқыту» шеберханасын отыз үш дана шет елдің заманауи құрал - жабдықтарымен жабдықтаған болатын. Бұл жабдықтар нарық сұранысын қанағаттандыратын кәсіби білікті жас маман даярлауға мүмкіндік береді.
 
# Жоба аясында 1402000 «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша) мамандығының «Автомобиль кранының машинисі» біліктілігі бойынша автомобиль кранының тренажері алынған болатын.
 
# Тренажер автомобиль кранының машинистерін даярлау бағдарламасына сәйкес жасалған
 
# Өрт және электр қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық ережелерге сәйкес келеді.
 
# Бұл тренажер студенттерге теориялық білімін тәжірбие жүзінде дамытуға
 
# Автомобиль кранының әр түрлі оқу – жаттығу тәсілдерін меңгертуге алғы шарттар жасайды.
 
# Автокранның жүргізуші кабинасының құрамын, басқару элементтері мен аспаптарын, метеорологиялық жағдайлар мен тәулік уақытында кранды басқарудың жалпы принциптерін оқып үйренуге
 
# Автокранды жұмыс орнына келтіру және оны іліп қою дағдыларын қалыптастыруға
 
# Студенттердің қателіктерін автоматты түрде түзетуді жүзеге асыру және оқу, емтихандарының статистикалық нәтижелерін дербестендірілген мәліметтер базасында сақтауға мүмкіншіліктер береді.