Created: 19 Сәуiр 2021
49

Колледжімізге «Талап» КЕАҚ вице президенті Қ.А. Оспанғалиев іссапармен келді

Колледжімізге «Талап» КЕАҚ вице президенті Қ.А. Оспанғалиев іссапармен келді. Іс сапар барысында «Жас маман» жобасымен алынған материалдық-техникалық жабдықтармен және колледж базасымен танысты.
 
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес "Жас маман" жобасының операторы болып "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ белгіленген болатын.
 
Кездесу барысында колледж әкімшілігімен алға қойған мақсаттар мен бағыттар туралы, сондай-ақ өндірістік оқыту шеберлері мен инженер - педагог қызметкерлермен техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы жаңашыл өзгерістер және тәжірибелік-бағдарлы мамандарды дайындаудағы шетелдік және отандық тәжірибелер, білім беруді жаңарту жағдайында тәжірибелік-бағдарлы оқытудың құрылымы мен мазмұны туралы ой бөлісті.