Created: 14 Желтоқсан 2021
32

2021 жылдың желтоқсан айының 10 -да әріптестік - ынтамқтастық аясында

2021 жылдың желтоқсан айының 10 -да әріптестік - ынтамқтастық аясында Атырау облысының кәсіптік техникалық оқу орындары, солардың ішінді Атырау көлік және коммуникация колледжі Маңғыстау облысы Қарақия кәсіптік колледжіне іс-сапарға барған болатын.
Сапар барысында Қарақия кәсіптік колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет көрсету» құзыреттілік орталығының ашылу салтанатына қатынасып, Атырау көлік және коммуникация колледжі мен Қарақия кәсіптік колледжі арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды.
Меморандум кәсіби маман даярлауда әдіснамалық-теориялық, практикалық, ағартушылық, ғылыми, мәдени және басқа да өзара келісім түрлерін орнату және дамытуды мақсат етеді.
«Бүгін бізде ауқымды жұмыс басталғалы отыр. Меморандумның өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына және бәсекеге қабілетті кәсіби маман даярлау ісінде зор үлес қосатынына сеніміміз мол.
Кездесу соңында тараптар Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, болашақта екі оқу орны арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ оқу-тәрбие процесін, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру және басқа да өзекті мәселелер бойынша өзара келісімге келді.